Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Мұнаймаштың ” жоспары көп

 

 

Мұрат Мұстафиннің кәсіпорында жұмыс істей бастағанына биыл 4 жыл. Ол күн сайын зауытта шығарылатын насостарға қосымша бөлшектер әзірлейді. Бұл жерде жұмыс қарқыны тапсырыс көлеміне байланысты. Металл ісінің токары заманауи құрылғылар ісімізді жылдам әрі сапалы жасауға мүмкіндік береді дейді. Соның арқасында жұмыстың өнімділігі артып, тауардың тұтынушыға дер кезінде жеткізілуі мүмкін болып отыр.

Мұрат Мұстафин, «Мұнаймаш» АҚ жұмысшысы:
– Зауыт жыл сайын заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Соның арқасында өнімділік артып отыр. Жалақымызды уақытында аламыз, жұмысым көңілімнен шығады.

2011 жылы зауытта өндірілген өнімнің көлемі 3 млрд теңгені құраған. Бұл кәсіпорын тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ өткен жылы мұнайшыларға арналған насостардың жаңа үлгілері игеріліп, тексерістен өткізілген. Бастысы – кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қараша айында жаңа асхана да қолданысқа берілген.

Сергей Ерофеев, «Мұнаймаш» АҚ басқармасының мүшесі:
– Зауытымыз жыл санап, жас мамандармен толығуда. Кәсіпорынның әлеуметтік пакеті қомақты, жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 107 мың теңгеге жетті. Сондықтан студенттер тәжірибеден өткеннен соң да, зауытқа жұмысқа орналасуға ниет танытып жатады.

Ал биыл кәсіпорын жылдың ортасына дейін жапондық құрылғылармен жабдықталған жаңа механикалық өңдеу учаскесін құруды көздеуде. Бұл жоспар «Өндіріс -2020» және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларының аясында іске асырылмақ.

 Инеш Шоқақова