Әр түрлі

Қала әкімінің шыршасы

Сән-салтанатқа толы  мерекенің кішкентай қонақтары алдымен облыс орталығының үздік өнер ұжымдары ұсынған театрландырылған бағдарламаны тамашалады. Кейін танымдық қойылымның көрермендерін Аяз Ата, Ақшақар мен сүйікті ертегі кейіпкерлері қарсы алып, ойын-сауық әсем шыршаның маңында жалғасты. Жеткіншектерді мерекелерімен қала әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтады. Сайқымазақтар мен Алдар көсе сан түрлі мерекелік киім үлгілерін әзірлеп әкелген бүлдіршіндердің бірін де шетте қалдырмай, барынша көңілдерін көтеруге тырысты. Қыс ханшайымы, түрлі жануарлар мен сүйікті кейіпкерлердің бейнесінде келген балғындар кештен мол әсермен қайтты.
Жаңажылдық шыршаға қатысқандардың барлығына тәттіге толы базарлықтар табыс етілді.

Жеңіс Ермұқанов