Әр түрлі

Аяз ата – жауапты жұмыс

 

 

Аяз ата кейпі – жауапкершілігі мол образ дейді  сахнагер  Анатолий Наргеленас  Актердің сөзіне қарағанда  Аяз ата бейнесін нақышында орындап шығу қиынның қиыны. Биыл ол осымен 40-шы рет қызыл шапанын киіп, ақ сақалын тағып отыр. Бұл жылдар аралығында көп нәрсе өзгерді,тіпті балалардың арманы, олардың өздері мен сиқырға деген сенімі де өзгеше. Аяз атаның сөзіне қарағанда жаңа жыл қарсаңында қанша дегенмен ғажайыптар болатынына сену керек.

Анатолий Наргеленас, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:
– Әрбір таңды жақсы көретін адамдардың қасында қарсы алу ғажайып емес пе? Ал сәбидің келуі ше? Ғажайыптар бар! Олардың орындалуы өзіміздің қолымызда.  

Осы 40 жыл ішінде Анатолий Владимирович Аяз ата костюмін бірнеше рет тастамақ болған. Алайда қолынан келмеген. Бұл істе мәселе ақшаға тірелмейді, бастысы – балаларға қуаныш сыйлау дейді ол. Актердің айтуынша кейбір балалар Аяз ата берген кәмпитті ашпай, сақтап қоятын көрінеді. Көп балалар оның шынымен де ертегі кейіпкері екеніне сенеді екен. Анатолий Наргеленас сондай кездесулердің Жұмысшы кентінде болғанын айтады.

Анатолий Наргеленас, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:
– Біз келген үйдің қабырғасы жартылай құлағалы тұр екен. Басты мақсатымыз – балаларға Аяз атаның келгенін көрсету еді. Күтпеген сыйға балалардың қуанғанын көргеннен артық бақыт жоқ шығар.

Ал жаңажылдық шырша қалай дайындалады екен? Орман қорғаушысы Юрий Бычковтың айтуынша, тәлімбақтарда 2 жылдық жас шыршалар көктемде егіледі екен. Ал қыс мезгілі – оларды қайта отырғызуға қолайлы болып саналады.

Юрий Бычков, орманшы:
 -Шыршаның тамыры бекігенге дейін оны қозғаудың қажеті жоқ. Ал қарағай оған қарағанда бап пен күйді қажет етеді. Бар түп-тамырымен алып, оны себетке саламыз. Ал себет уақыт өткесін шіріп кетеді.

Кондратов орман шаруышылығындағы орман қорушылары көшет отырғызудың нағыз шеберлері. Қылқан жапырақтыларды күтудің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Юрий Бычков соңғы кезде Сібір майқарағайын бақылап жүр. Бір ерекшелігі – майқарағай мен қарағай шыршаға қарағанда тез өседі екен.  Егер шырша он жылда бір жарым метрге жетсе, дәл сол уақыт аралығында қарағай екі есе биіктікке жетеді. Келесі жылы мұнда 10 000 шырша егу көзделіп отыр.

  Юрий Бычков, орманшы:
-Шырша аздап өскен кезде қармен жабу керек. Өйткені ол күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе қар өте жарық болғанда қауіпті.