Бизнес және экономика

Кәсіпорындардың таза пайдасы өсті

 

Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша бұл қаржының 1 миллиард 706 миллионы Петропавл қаласының үлесінде. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  қала кәсіпорындарының қаржы жағдайы айтарлықтай жақсарды, таза пайда  өткен жылғыдан 377 млн теңге артық  түсті,  деп хабарлайды СҚО статистика департаменті.  Жүргізілген талдаулар бойынша негізінен өңдеу кәсіпорындарында, көтерме және бөлшек сауда орындарында,  автомобиль және мотоцикл жөндеумен айналысатын  ұйымдарда қаржы жағдайының жақсарғаны байқалған