ТЖ

Төтенше жағдай қызметі ескертеді

 

 

 

Сондықтан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барлық жаппай ойын-сауық өтетін жерлерде тексеріс жұмыстарын өткізді. “Өрт қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес” айналмалы шыршаларды орнатуға рұқсат етілмеген. Кеш көркін безендіргенде   тез жанғыш заттарды қолданбаған абзал. Шыршаны тек қана 25 ваттқа дейінгі қапталған тізбекті жарық шамдармен безендірген жөн болады. Бұтақтары төбе, қабырғалармен жанаспауы керек.

Ербол Қуанышов, СҚО ТЖД бас маманы:
– Ғимаратта кемінде екі қосалқы апаттық шығу есіктері болуы тиіс. Мерекелік шара екінші қабаттан аспай ұйымдастырылғаны жөн. Іште мерекелік жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.
Заң бойынша осындай міндетті талаптарды елемеген жеке тұлғаларға  – 30, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК дейін айыппұл қарастырылған.

  
 Жеңіс Ермұқанов