Спорт

Жас футболшылар жарысы

 

«Таза қар» турнирі жасөспірімдер арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Алайда, бұл жолы оның өткізілу себебі ерекше. Өйткені «Мяч» қоғамдық жастар ұйымына 10 жыл толып отыр.

Вячеслав Гуменный, “Мяч” қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:
– Жарысқа 2 жарым мыңнан астам жеткіншек қатысты. Бос уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын. Мұндай жарыстар әлі де жалғасын таппақ.

Қараша айында басталған турнир аяқдоп жанкүйерлерінің басын қосты. Жарысқа барлығы 15 команда қатысуға ниет білдіріпті. Қалижан Нұркенов «Аэлита» командасының құрамында өнер көрсетуде. Олар 13 жасқа дейінгі топтар арасында жеңімпаз атанды.

 Қалижан Нұркенов, «Аэлита» командасының ойыншысы:
– Біздің құрама бірінші орынға ие болды. Өте қуаныштымын.

Осы жас ерекшелігінде екінші орынға «Адидас» командасы ие болса, «ЦСК» үштікті қорытындылады. Ал 18 жасқа дейінгі топта «Элегия» командасы жеңімпаз атанды. Белсенділер  диплом және кубоктармен марапатталды. Бұл жолы жүлделі орындарға ілікпеген жеткіншектер келесі жарысқа дейін өз шеберліктерін шыңдамақ.

Инеш Шоқақова