«Ақ жол» демократиялық партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы төрағасы Павел Афанасьев партия филиалының қазіргі басшысы Дмитрий Подковыров ол туралы жалған мәлімет таратып, намысына тиді деп Петропавл қалалық сотына шағымданған.
Павел Афанасьев, арызданушы
-Олл университет бойынша әріптестерім менен жиіркеніп, менімен араласқысы келмейді деп жазыпты. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.
Ал жауапкер және оның екі әріптесі мұнымен келіспейді
Жаслан Кабыш, Петропавл қалалық сотының судьясы:
-Бұл үндеудің авторы сіз бе, Подковыров?
– Жоқ
Бұл іс әлі қаралу үстінде. Сот жаңадан қосылған материалдарды қарайды. Осыдан кейін ғана бұл іске қатысты шешім шықпақ.
Айдана Демесінова