Білім

«Арыстан» – болашақ сарбаздар мектебі

Әскери іс пен жаратылыстану-математика пәндерін  тереңдете оқытатын лицейде 160 оқушы білім алуда. Оның 14-і солтүстікқазақстандықтар. Дархан Жасұланов оқу орнына алғашқы болып түскендердің бірі. Ол өзінің болашағын әскери қызметке арнауға бел буыпты. Ал мамандандырылған «Арыстан» лицейі бұл жолдағы алғашқы қадамы.

Дархан Жасұланов, мамандандырылған «Арыстан» лицейінің оқушысы:
– Мен екінші жыл оқып жатырмын. Оқу қиын болса да, өзімді арманымды жүзеге асыруда сеп болады деп ойлаймын.  

Лицейге 8 сынып оқушылары арасынан Қазақстан бойынша үміткерлер іріктеледі. Денсаулығы мықты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына берілетін басымдық ерекше.

Владимир Рейхель, мамандандырылған «Арыстан» лицейі директорының орынбасары:
– Біздің лицей үстіміздегі жылдың қаңтар айында ашылған. Ол Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан. Мамандандырылған «Арыстан» лицейінің негізгі міндеті – әскери ЖОО-ның курсанттарын дайындау. Сондықтан үміткерлерге қойылар талап қатал.  

Біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы мен білім берудің тың технологияларын қолданатын лицей оқушылардың қызығушылығын тудырды.

– Мен бүгін лицей туралы көп ақпарат алдым. Болашақта түсуді ойлаймын.
– Лицейде математика және физика пәндері тереңдетіп оқытылады екен. Бұл пәндер маған да өте ұнайды.  

Орта оқу орнына іріктеу 2 кезең бойынша жүргізіледі. Алғашқысы – аймақтар бойынша наурыз-мамыр айларына жоспарланған. Ал екінші кезең 1 -10 тамыз кезінде лицейде өтпек.

Инеш Шоқақова