Спорт

Каратэшілер жеңісі

 

 

 

Данияр Қаппасовтың 8 жылдық тынымсыз жаттығуы зая кетпей биыл каратэдан қара белбеу бірінші дан иегері атаныпты. Спорт шебері ел деңгейіндегі тартыстардағы жеңістерін еселеп,  үздік деген шығыс жекпе-жекшілерді жиған соңғы байрақты додадан да алтыннан алқа асынып қайтты.

Данияр Қаппасов, каратэ шинкиокушинкайдан спорт шебері:
-Осы жарыс жаңа жеңістерге талпыныс берді, жаңа белестерді бағындыруға. Осы жарыста жеңіп,  Қазақстанның 5 дүркін чемпионы атандым.

Жерлесіміз Александр Кафуцин де биылғы жаз маусымында халықаралық сайыста ерлеп қара белбеу талаптарын мүлтіксіз орындаған. Мерейтойлы жылы шығыс жекпе-жегінің Отаны Жапониядан жеткізілген каратэ шені Александрге салттанатты түрде табысталды.

Александр Кафуцин, каратэ шинкиокушинкайдан спорт шебері:
– Ұзақ уақытты тынымсыз жаттыгу, маңдай тер мен шыдамдылық, тәртіп пен мақсатыма ұмтылудың арқасында қара белбеуге қол жеткіздім.
Бапкерлеріме алғысым шексіз, үміттерін әлі талай ақтауға тырысамын.

Өңіріміздің өзге спортшылары да дәрежелерін тексеру мүмкіндігіне ие болды. Шығыс жекпе-жегінің хас шебері Батырхан Сарманов біліктілігін арттырғысы келгендерге оқу-жаттығу семинарын өткізді.

Батырхан Сарманов:

-СҚО федерациясының жұмысын тек жақсы жақтан айта аламын. Спорт шеберлері мен чемпиондар тәрбиеледі. Менің келген мақсатым, шеберліктерін сынап,  үздіктерін Азия чемпионатына іріктеу. Ол додада топ жарғандары әлем біріншілігіне жолдаманы ұтып алады.

Осы мақсатта спорттық жиында 20 солтүстікқазақстандық каратэшы шеберлігін шыңдап, түрлі дәрежедегі белбеу үшін сынақ тапсырды.

Жеңіс Ермұқанов