Мәдениет

Бірінші гимназия ұстаздары арасындағы байқау

 

 

 

Өзге ұлт өкілдерінің тілін қазақшаға сындырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шара 3 турдан тұрды. Мұғалімдер егемендіктің тарихы, қазақ халқының әдет-ғұрпы, мақал-мәтел сындарында бар білгендерін ортаға салды.

Дина Шәукерова, қалалық №1 гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі:
– Бұл іс-шараның мақсаты біздің ұжымның қазақ тілін қаншалықты меңгергенін білу, қазақ тілін насихаттауға арналған. Әрбір ұстаз қазақ тілін жүрегі арқылы сезінетінін осы шара арқылы көрсетіп отырмыз.  

Жеңіс Ермұқанов