Балалар

Жас тілшілер байқауы

 
Бүгін Бірінші қалалық гимназияның 4- сынып оқушылары «Астана», «Ел арна», «Хабар» және «Қазақстан-Петропавл» арналарының тележүргізушілері мен журналистерінің кейпіне енді. Олар өз репортаждарында Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған мерекелік жаңалықтар дайындаған. «Таңғажайып теледидар» конкурсы тек қана қазақ тілінде өтті.

София Панова «Астана» телеарнасының дикторы ретінде өзін жаңа қырынан танытты.

София Панова, Бірінші қалалық гимназияның оқушысы:
– Маған диктор болған ұнайды. Өйткені өз арнаңды таныстыра отырып, барлық елге таныласың. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған ең басты жаңалықтармен таныстырдық.

Байқау қорытындысы бойынша «Хабар» телеарнасын таныстырған 4 «в» сынып оқушылары үздік деп танылды. Ал 4 «б» сыныбында оқитын Даниил Теслюк «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының жүргізушісі ретінде «Актерлік шеберлігі үшін» аталымында үздік атанды. Барлық жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Ульяна Құлақпаева, Бірінші қалалық гимназия директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары:
– Осы шара тек қазақ тілінде, яғни мемлекеттік тілді дамыту аясында өткізілді. Екіншіден, «Таңғажайып теледидар», «Таңғажайып хабарлар» деп алынған тақырыппен  оқушылар өздерін теледидар жүргізушісі ретінде таныды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін барлық қала көлемінде, облыс көлемінде өткізілген шаралардың жұмыстарын көрсете білді.  

Әрбір телеарнаны бір диктор мен екі журналист таныстырды. Оқушылардың өздеріне жүктелген міндетті қаншалықты орындап шыққанын қазылар алқасы бағалады.