Қоғам

Хабарсыз кеткен майдангерлерді іздестіру жалғасуда

 

 

 

Өңіріміз бойынша 15 мыңнан астам жауынгер сұрапыл соғыстан оралмай, хат-хабарсыз кеткен. Биыл олардың үшеуінің сүйектері табылған екен. Сондай-ақ жауынгерлердің бейіттерін анықтау мақсатында том-том жинақтар жарық көріп, түрлі іздестіру шаралары жүргізілуде.

Иосиф Марцинкевич, СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлім бастығының аға көмекшісі:
– Алматы қаласының «Память» іздестіру тобы Латвияда жауынгерлердің бейіттері мен медальондарын тапқан. Олардың ішінде 2 солтүстікқазақстандық та бар. Олардың бірі – Николай Федорович Федоренко бұрынғы Булаев ауданы Образец ауылынан әскерге шақырылған.
Ал екінші жерлесіміз – Дмитрий Сидорович Черкасов Совет ауданы Безлесное ауылында дүниеге келген.

Николай Федоренко Литва жерінде із-түссіз жоғалған екен. Ал Дмитрий Черкасов Латвия мемлекетінің Свемпены елді мекенінің маңында қаза тапқан. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері  отан қорғап құрбан болған жауынгерлердің туғандары  табылады деген үмітте.

Иосиф Марцинкевич, СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлім бастығының аға көмекшісі:
2012 жылдың мамыр айында жауынгерлердің жерленген орнында ескерткіш тас орнатылмақ. 2 жерлесіміздің есімдері де осы ескерткішке жазылатын болады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, соғыс кезінде хабарсыз кеткен немесе қаза тапқан жауынгерлердің балалары зейнетақы алатын болады.

 

Сондай-ақ Мәскеу түбіндегі шайқастың аяқталуының 70 жылдығы қарсаңында оған қатысқан жауынгерлер естелік белгімен марапатталмақ. Оның ішінде 5 солтүстікқазақстандық та бар.  

 

Инеш Шоқақова