Kurultai banner mobile

Спорт

Футболшылар сайысы

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған жарыс екі күн қатарынан өтті. Осы уақыт аралығында құрамалар бірнеше кездесу өткізді. Ақтық сында жергілікті «Барс» пен омбылық «Автомекс» жолықты. Қонақтар 3/2 есебімен жеңіске жетті.  

Виктор Сербин, «Автомекс» құрамасының жаттықтырушысы, Омбы қаласы:

 

-Команданың дайындығы жақсы. Себебі осы жарысқа жиі қатысып тұрғандықтан, қарсыластарымыздың дайындық деңгейі мықты. Кездесулер қиын болғанмен, жеңісті қолдан бермедік.

Жалпы жарысқа 8 команда қатысты. Олардың арасында  4 жергілікті, Рудный, Омбы, Қорған және бір легионерлік құрама бар. Ойындар нәтижесінде Рудный қаласының «Аят» құрамасы үштікті түйіндеді, «Барс» екінші орыннан көрінсе, Омбылық құрама бірінші орынға табан тіреді. Жарыста сондай – ақ жақсы ойын көрсеткен спортшылар да сыйлықтармен марапатталды.

Жандос Наурызбаев