Қоғам

Антикварлық дүкендегі кісі өлімі

 

 

Оқиға туралы кездейсоқ сатып алушы сағат таңғы 11 шамасында жедел басқару орталығына хабар беріпті. Қылмыс орнына жеткен жедел тергеу тобы ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда қылмыстың себептері анықталуда. Полицейлердің айтуына қарағанда дүкенде аса құнды тауарлар жоқтың қасы. Сондай-ақ таңертең кассада қомақты қаражаттың болуы да екіталай дейді ІІД-нің қызметкерлері.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
Қазіріг уақытта оқиға орында жедел тергеу тобы, кинологтар мен сарапшылар жұмыс істеуде. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Инеш Шоқақова