Қоғам

Мұз қалашықтар тұрғызылып жатыр

 

Жұмысшылар шаһарымызды безендіру қызметіне жаңа жылдық көңіл-күймен кірісіп кетті. Табиғи ағаштарды қолдануға қалалық әкімдік тыйым салған. Сондықтан, биіктігі 20 метр болатын бас шырша – жасанды. Оған түрлі-түсті үлкен ойыншықтар ілінген. Жалпы, биыл қала көркін ашатын 16 шырша барлық шағын аудандарда орнатылмақ.

Андрей Попов, Петропавл қаласының құрылыс және архитектура бөлімінің бас маманы:

-14 мұз қалашығы қаланың әр ауданында салынады. Оның қатарында Солнечный кенті мен Пестрый жағалауы бар. Қаланы көркейту жұмысына қала мекемелері де өздерінің үлестерін қосуда. Жаңа жыл мерекесіне дайындық ойдағыдай жүзеге асып, тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлаймыз деген ойдамын.

Қаланы көркейту жұмыстарына сондай – ақ жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылған. Бүгінде мұз қалашықтары салынуда. Қазақстан Конституциясы көшесі түрлі жарықтармен әшекейленген. Ал, жақында орнатылған сакура ағаштары мен шарлар қала көркін аша түсуде.

Сергей Лагойник, “Коммунхоз” құрылысшысы:  

– Пестрое көлінен бізге мұз кірпіштерін әкелуде. Олардан мұз қалашықтарын салудамыз. Мұз кірпіштерді өзара сумен біріктіреміз. Ауа райы салқын болғанда қалашықтың қабырғалары лезде қатады.

Қаланы мерекеге әзірлеу жұмыстарын кесте бойынша желтоқсанның 15- інде аяқтау жоспарланып отыр.

Жандос Наурызбаев