Билік

«Нұр Отан» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына 31 үміткер ұсынып отыр

 

 

«Нұр Отан» ХДП-ның XIV съезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілген болатын. Олардың ішінде 5 жерлесіміз де бар. Сондай-ақ 2012 жылдың 15 қаңтарында барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары да сайланбақ. Конференцияда қаралған басты мәселе осы.

Серік Біләлов, СҚО әкімі, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ төрағасы:
– Баршамыз тарихи оқиғаның куәгеріміз. Еліміздің мол жетістігіне тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілді. Қазақстанның береке, бірлігі сақталған ел ретінде әлемге танылуы біз үшін үлкен қуаныш. Ел дамуына «Нұр Отан» партиясының да қосқан үлесі зор.

Жиында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің тізімі бекітілді. Сайлауға «Нұр Отан» ХДП СҚОФ-нан 31 кандидат қатыспақ.

 Виктор Молодовский, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
– Түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа ұсынылған азаматтардың тізімі «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің бюросында қаралды. Бүгінгі күнге дейін партияның аумақтық филиалдарында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 186 кандидатты ұсыну бойынша  кезектен тыс 14конференция өткізілді.  

Сондай-ақ отырыста «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілді. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының ұсынысын делегаттар бірауыздан қолдады. Конференцияның жұмысы дәстүр бойынша партияның әнұранымен аяқталды.
  Бұдан кейін жиынның салтанатты рәсіміне де кезек жетті. ҚР мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан 21 нұротандыққа мерекелік медаль табысталды. Олар бұл марапат партияның алға қойған мақсат-мүдделерін жүзеге асыруға жаңа серпін береді дейді.

Ерлік Жанділдин, Айыртау ауданының әкімі:
– Біздің еңбегімізді қадірлеп, қастерлеп осындай марапатқа ие болып отырмыз. Елімізде, жерімізде, Солтүстік Қазақстан өңірінде еңбегіміз сіңсін деп ойлаймын.

Жаңа сайлауалды тұғырнамаға сәйкес нұротандықтар жемқорлықпен күресті күшейтіп, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін жетілдіруді жалғастырмақ.

Инеш Шоқақова