Балалар

“Табиғат әлемі балалар көзімен -2011”

 

 

Бүгінгі көрмеге қойылған көздің жауын алатын   дүниелердің бәрі балалардың қолымен жасалған. Олардың қай-қайсысы болмасын үлкен еңбек пен төзімділікті қажет етеді. Барлығы 20 мектептің оқушылары мен 5 жас натуралистің еңбектері таныстырылған осы сынды шараны өткізу игі дәстүрге айналған.

Ирина Морозова, «Жас натуралистер станциясы» КҚМК директорының оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасары:
-Биылғы байқау бірнеше аталым бойынша өтіп отыр. Біріншісі – экологиялық плакат, екіншісі – «Менің ең сүйікті өлкем» деген тақырыптағы суреттер және «Істен шыққан заттардың екінші өмірі» деп аталатын үшінші номинация бойынша дайындалды.  

Өз туындыларын жасауда оқушылар көбіне жарамсыз қалған немесе істен шыққан ескі заттарды пайдаланыпты. Соның арқасында тамаша жаңа бұйымдарға өмір берген. Маша Плехова кәмпит қағаздарынан   қоржын жасаған.

Маша Плехова, жас натуралист:
Жұмысым «Машаның қоржыны» деп аталады. Оны мен қағаздарды өру әдісі арқылы жасадым.

Пластикалық бөтелкелерден жасалған ғажайып шырша, қоқыс салатын қапшықтан тігілген көйлек, дискілерден құралған үкі бейнесі сынды көркемөнер бұйымдары облыстың әр ауданынан жеткізіліпті. Ал бір бұрыштағы былғары қиықтарынан жасалған заттар кімді болмасын таңқалдырмай қоймайды.

Ирина Морозова, “Жас натуралистер станциясы” КҚМК директорының оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасары:
Бұл туындыларды дайындауда түрлі материалдар қолданылған. Біз көріп отырған түрлі сападағы тері қиықтарымен қоса, өсімдік тұқымдары, жіптер, маталар іске жаратылыпты.

Жас таланттардың еңбектері алдағы күндері бағаланбақ. Ал көрмеге келемін деушілер үшін желтоқсанның 20-на дейін есік ашық.