Билік

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді

 

Тәуелсіздік жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған  жетістіктер – барша қазақстандықтардың ортақ табысы. Елбасы айтқандай, мұны осы күндері барша ел халқы сезінуі тиіс.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-20 жылдық мерейтой – әрбір қазақстандық үшін айтулы оқиға. Тәуелсіздік жылдары мемлекет басшысының көреген жетекшілігімен Қазақстан халқы үлкен биіктерді бағындырды. Басты табысымыз – бұл ішкі тұрақтылық пен демократиялық азаматтық қоғам. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта құрметке ие, көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі. Осы жылдар ішінде біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрып, қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиеледік. Бұл орайда, егеменді еліміздің әрбір азаматының қосқан өзіндік үлесі бар.

Солтүстікқазақстандықтардың да егеменді еліміздің дамып, қалыптасуы мен нығаюына қосқан үлесі үлкен. Облыс әкімі елімізге сіңірген еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін 12 азаматқа мерейтойлық медаль табыс етті. Марапатқа ие болғандардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, білім саласының мамандары, кәсіпорындар басшылары бар. Еңбек ардагерлері де ықыласқа бөленді. Айту керек, аға буын егеменді еліміздің құрылып, қалыптасуы мен дамуын көзбен көрді және осы жолда аянбай қызмет етті.

Айымгүл Әбілева