Мәдениет

«Асыл мұра» орталығында жыл қорытындыланып, жаңа кітап таныстырылды

 

 

 Облыстың тарихын жан-жақты зерттеп, ел-жер, тарихи тұлғаларымыз жайлы 50-ден астам кітап шығарған «Асыл мұра» орталығы ақпан айында 10 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Бүгін зиялы қауым өкілдері атқарылған жұмысты қорытындылады. Жазған еңбектерін көрмеге шығарды.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» шығармашылық орталығының жетекшісі:

-Бұдан бұрын бірнеше шаралар алдында өткен болатын. Бұл соның бір бөлігі.Сондықтан біз зиялы қауымға 11 айда атқарған жұмыстарымызды айтпақшымыз.  

Жиында талқыланған тағы бір мәселе – ақын, жазушы, журналист Ожан Қалидың жарыққа шыққалы жатқан «Елорда» кітабы. Туынды ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Ожан Қали,  ақын, жазушы:

-Кітаптың ішінде 6 дастан бар, 3 дастан түгел беріліп, қалғанынан үзінді беріледі. Бұның ішінде ең бастысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы дастан бар. Дастан бұдан екі жыл бұрын жазылған.

Зиялы қауымның басқосуы 20 жұлдызды күн аясындағы Мәдениет  күнімен тұспа – тұс келуі бекер емес, себебі өлкетанушылар өз еңбектерімен мәдениет саласының дамуына да сүбелі үлес қосып жүр.

Жандос Наурызбаев