Қоғам

Ғылым және ақпараттық технологиялар күні

“Жиырма жұлдызды күн” аясында бесінші желтоқсан – ғылым және ақпараттық технологиялар күні болып бекітілді. Жоспарланған іс-шаралар Қазақстанның ғылыми-инновациялық саладағы жетістіктерін паш етіп, білім, ғылым мен инновация бағытында елімізде  алға қойылған маңызды мақсат-міндеттерді жеткізуді көздейді. СҚМУ-де өткен конференцияда белгілі жерлес ғалымдардың елімізді дамытуға қосқан зор үлестері сөз болды. Виктор Зайберт университетке есімі берілген академик, тарих ғылымдарының докторы Манаш Қозыбаевтың сіңірген зор еңбегіне тоқталды. Ғалым Қазақстан тарихы мен тарихнамасының өзекті мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосты. Академик – 800-ден аса ғылыми жариялымның, 50 ұжымдық еңбектің, бірнеше оқу құралдарының авторы.

Виктор Зайберт, тарих ғылымдарының докторы:
– Маған Манаш Қозыбаев жетекшілік еткен ғылыми кеңестің құрамында еңбек ету бақыты бұйырды. Өте еңбекқор адам еді, білікті жетекші болды. Отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі орасан. Ұлттық тарихты қайта жаңғыртушы деп білеміз.

Жиында баяндама жасағандар Евней Бөкетов, Оразгелді Баймұратов, Аманжол Қошанов, Георгий Ким, Зайнулла Молдахметов тәрізді ғалымдардың өмірі мен ғылыми қызметін сөз етті. Отандық ғылымды дамытуға жерлестеріміз Мұрат Айтқожин мен Нағима Айтқожинаның қосқан үлестері елеулі.

Владимир Вилков, биология ғылымдарының докторы:
– Мұрат Айтқожин Қазақстанда молекулярлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы. 1983 жылы ол молекулярлық биология мен биохимия институтын, ал 1987 жылы қазақ ауыл шаруашылығы биотехнология орталығын құрды. Айту керек, Мұрат Айтқожин жас ғалымдарға үлкен қолдау көрсетті. Ағасының ғылыми ісін кейін қарындасы Нағима Айтқожина жалғастырды.

Бүгінгі күні ол ғылыми салада жемісті еңбек етіп жүр.

Конференция шеңберінде арнайы көрме ұйымдастырылған. Жиынға қатысушылар өңірімізде еңбек еткен ғалымдардың ғылыми мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Айымгүл Әбілева