Мәдениет

«Жас қанат»

 

 

 

“Жас қанат” байқауы 2 жылда бір рет ұйымдастырылады екен. Бұл жолғы сайыста бағын сынау үшін 13 ауданнан және Петропавл қаласынан 22 үміткер келген. Ұйымдастырушылар осы сынды жарыстар арқылы өңіріміздің кейінгі толқын өкілдерінен жаңа эстрадалық әншілерді шығарып, республикалық, халықаралық байқауларға дайындауды көздеп отыр.

Талғат Ақылбеков, СҚО мәдениет басқармасының бастығы:
-Тәуелсіздіктің 20 шыңы аясында өткізілетін “Жас қанат” жастардың эстрадалық өнерлерін көрсететін, өнерлерін сынайтын сайыс. Біз ойлаймыз, осы киелі сахнада болашақта біздің облысымыздың намысын қорғайтын үлкен бір өнер майталманы бар деп.

Бірінші болып өнер көрсеткен Айнұр Астанаева мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр. 18 жастағы  өнерпаз тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шарада “Елімнің жүрегі” атты әнді орындады. Сәл қобалжыса да, бойжеткен жиылған жұрттың жүрегіне жол таба білді

Айнұр Астанаева, байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:
-Бүгінгі «Жас қанат» байқауына менің алғашқы рет қатысуым. Осы байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта осындай конкурстарға қатысуға мүмкіндігім бар.

Көрермендердің көңілінен шыққан сайыскерлердің бірі – Жеңіс Кемелов. Есіл ауданының намысын қорғаған жігіт жұртшылық назарына “Туған елім” әнін ұсынды.

Жеңіс Кемелов, байқауға қатысушы, Есіл ауданы:
-“Жас қанат” байқауына көп дайындалып, міне бүгін келіп отырмыз. Туған елім деген әнді айттым. Тақырыбына қарап, тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, өзімнің туған жеріме арнап айттым.

Жас әншілердің өнерін тамашалаған жұрт үміткерлердің мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр

-Мен бұрынғы жастық шағымдағы Қазақ ССР-ң ән би ансамблінің әртісі ретінде мына өткізіліп жатқан жас таланттардың конкурсын өте мұқият тыңдап отырмын. Менің айтатыным, Бескөлдің Ермек Қабдолбариев атты теноры өте дауысы керемет, тамаша деп ойлаймын. Әлібек Дінішевтің ізбасары деп ойлаймын.
-Жалпы бүгін сайыс жақсы өтіп жатыр деп ойлаймын. Облыстың түкпір-түкпірінен дарынды әртістер келіп отыр. Жақсы баға беруге болады.

Қызылжар ауданының намысын қорғаған Еркін Қабдолбариев жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, бас жүлдеге ие болды.

Айдана Демесінова