Құқық қорғау органдары

«Сенім купесі»

 

 

«Сенім купесі» акциясы аясында алғашқы сұрағын мамандарға Ресейден Қарағандыға жол тартқан Елена Воронцова қойды. Оның Қазақстанда анасы тұрады екен. Осыған байланысты Елена Воронцова сапарда жиі болады. Жолаушы  Ресей елінде тұрып, Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігі туралы сұрап білді .  
Әйелдерге қатысты «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында өз сұрақтарын жолаушылар ғана емес, вагон жолсеріктері де қойды. Қарлығаш Камаледиева 1993 жылдан бері жолаушылар тасымалы қызметінде жүр. Осы уақыт аралығанда өз кәсібінде түрлі келеңсіз жағдайлармен кездесіп жататындығын жасырмады.

Қарлығаш Камаледиева, жолаушылар тасымалы вагонының жолсерігі:

-Менің тәжірибемде әйелдерге қатысты зорлық – зомбылық фактісі тіркелген жоқ. Бірақ  жолаушылар арасында түрлі деңгейдегі шиеліністер орын алып жатады. Бұндай жағдайда қандай жұмыстар жүргізу керек екендігі туралы бүгін қосымша кеңес алдым.

«Алматы – Екатеринбург» бағытында қатынайтын №304 жолаушылар поезында бір сағаттай  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында 3 азаматшаның сұрақтары қаралып, жауап қайтарылды.

Жақсыбек Айымбетов, СҚО көлік  прокурорының орынбасары:

-Қазіргі таңда  көптеген әйелдер өздерінің құқықтарын білмейді.Және көбісі жолсапарда болғандықтан уақыттары болмайды.Олардың құқықтарының бұзылмау себептерін қолданып, іс – шаралардың барлығы түсіндірілді.

Мамандар осы сынды шаралардың жолаушыларға берер пайдасы мол дейді. Себебі, нәзік жандар сапарға жиі шығады.

Ерлан Тасымов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ бөлім бастығы:

-Бұл акцияның мақсаты қылмыстың алдын  алу, әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты болдырмау. Осы шара аясында көптеген іс -шаралар жоспарланып, жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырамыз.

«Сенім купесі» акциясы желтоқсанның онына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында азаматшалар сенім телефоны арқылы да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоя алады.

Жандос Наурызбаев