Көлік және жолдар

Троллейбустар неге тоқтап қалды

 

 

Көлік кептелісіне Сәтпаев және Медведев көшелерінің қиылысындағы троллейбус сымдарының істен шығуы себеп болған. Мұның салдарынан бірнеше бағытта қатынайтын троллейбустар өз жұмысын тоқтатты. Нақтырақ айтсақ, нөмірі 1, 2 және 4 бағыттағы қоғамдық көліктер жүрмей қалды. Автокөлік қозғалысын қалыпқа келтіру үшін 4 сағатқа жауық уақыт кеткен. Қазіргі таңда, апаттың нақты себептері анықталуда.

Жандос Наурызбаеев