Билік

Балық шаруашылығын дамыту болашағы

 

Жиында балық шаруашылығына тікелей қатысы бар азаматтар бас қосып, бұл саланың бүгінгі жайы мен осы бағытта туындаған мәселелер қаралды. Облыс аумағында 3 мыңға жуық су қоймасы бар. Оның 1328-інде ғана балық мекендейді екен. Сондықтан да бұл мәселені шешу қолға алынды

Марат Есімсейітов, СҚО бойынша балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бастығы:
Балық шаруашылығын дамыту үшін су қоймаларын балықтың сан алуан түрімен толықтыру қажет. Үстіміздегі жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша Сергеев су қоймасына 15 млн дана тұқы, 70 млн сиг балығы және 1 млн ұсақ балық жіберілді.  

Басқосуда өңіріміздегі балық шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстар тыңдалды. Солардың бірі – облысымызда балық өсіретін көл-тауарлық 4 шаруашылық құру. Тың идея табиғатты пайдаланушылардың қолдауына ие болды.

Вячеслав Смирнов, СҚО бойынша балық аулау және өсіру жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:

 –Ұсынылған бағдарлама тиімді. Өйткені мен өзім қалағанымша балықты өсіріп бар үрдісті өзім қадағалаймын. Бағдарлама жүзеге асса, бәлкім облысымызда өспейтін бағалы балық түрлерін өндіретін шығармыз.

Өңірдегі балық өспейтін өзен-көлдерде су жәндіктеріне қажетті қорек бар екен. Бұл өнім экспортқа шығу мүмкіндігіне ие дейді мамандар.
Кездесуге қатысқан облыс әкімінің 1-орынбасары Айдарбек Сапаров жиылғандарға бірқатар міндеттер жүктеді.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
Облыс орталығында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылады. Сондықтан балық шаруашылығы инспекциясы бөліміне Петропавлға балық өнімін әкелетін азаматтардың тізімін жасауды тапсырамын. Су қоймаларын күзетуді басты назарға алу керек.  

Айдана Демесінова