Қоғам

Ел мерейтойы қарсаңында куәліктер табыс етілді

 

 

 

Облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта 152 бала тәрбиеленуде. Олардың тоғызы үшін бұл күн ерекше есте қалмақ. Салтанатты шараға Петропавл қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов қатысып, оқушылардың алғашқы құжаты – жеке куәліктерін табыс етті. Маңызды құжатты алып, Қазақстанның азаматтары атанған тәрбиеленушілер салтанатты түрде ант берді. Осы күні жеке куәлік алған тәрбиеленушілердің қуаныштарында шек жоқ.

Виталий Молевский, облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі:

-Мен жеке төлқұжатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Енді, осы маңызды құжат арқылы біз Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, еліміздің гүлденуі жолында өз үлесімізді қосамыз.

Наталья Некрасова, облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі:

-Біз өзіміздің мемлекетімізді мақтан тұтып, Қазақстанның патриоттары болмақпыз. Жақсы білім алып, еліміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз.

Ересек өмірге аяқ басатын жеткіншектерге жеке басты растайтын құжат аса қажет.

Медет Сағдиев, Петропавл қаласының ІІД көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы:

-Жеке куәлік алғаннан кейін бұл азаматтар басқа елдерге, яғни Қазақстаннан шет аймақтарға шыға алады. Сонымен қатар ҚР Конституциясында  белгіленген барлық  мүмкіндіктерді,өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыра алады.

Қазақстанның нағыз азаматтары атанған тәрбиеленушілерге мерекелік концерт ұйымдастырылды.
 
Жандос Наурызбаев