ТКШ

Коммуналдық сала қысқа жан-жақты әзірленді

Қылышын сүйретіп келген қысты солтүстікқазақстандықтар сақадай сай қарсы алды. Осы күні барлық нысандар жылумен қамтылыпты. Облыс аудандарында 600 қазандық жұмыс істеп тұр. Қалада да жылыту маусымы еш кедергісіз өтіп жатыр.

Хасип Сюникаев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары:
-Кезекті жылыту маусымына 60 жер үй ғана дайындықсыз келді. Бұл баспаналарда жылу жіберуге рұқсат беретін тиісті жөндеу жұмыстары орындалмаған екен. Бірақ бүгінде шаруа түгел дерлік атқарылды. Орталық жылыту жүйесіне қосылған үйлердің барлығына қызмет көрсетіліп жатыр.

Қазіргі таңда сумен қамту және су тарату желілерін қалпына келтіру, құрылыс жұмыстары қарастырылған инвестициялық жобалар да тәмамдалып қалды.

-Тайынша қаласына дейін 42 шақырым су құбыры тартылды. Сондай-ақ, қала ішіндегі 8 шақырымнан астам таратушы желілер қалпына келтірілді. Облыс орталығындағы 10 көшенің бойында таратушы құбырларды ауыстыру жұмыстары аяқталуда. Бұл да шамамен 8 км. Крепостной көшесіндегі су желісіндегі жөндеу де еңсеріліп қалды.

Бұдан өзге облыс орталығында кәріздік тазарту құрылғыларын қалпына келтіруге бағытталған инвестициялық жоба іске асуда. Үстіміздегі жылы екінші және үшінші кезең бойынша 340 млн теңге жөндеуге жұмсалыпты.

-Бұл жұмыс келер жылы қайта жалғасады. 2-3-ші кезеңдерді аяқтау үшін тағы 500 млн теңге бөлінеді. Және осы уақытта 4 кезең бойынша атқарылатын жұмыстардың жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда. Бұл 13-14 жылдардың еншісіндегі жұмыс.

Алайда, қазіргі таңда Айыртау, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов аудандарындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылыту жайы өзекті болып тұрғанға ұқсайды.

 -Осы орайда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қазандықтар салу үшін жоба-сметалық құжаттарды әзірленді. Қазір құжаттарды республикалық комиссия қарастырып жатыр. 2011-2012 жылдарға бұл бағытта қаражат бөлінеді деген ойдамыз.

Алдағы уақытта өңірде су тарату, электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы мен оларды қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Гүлмира Шоқтыбаева