Спорт

Боксшылар үлкен жарысқа әзірленіп жатыр

 

 

Байрақты додаға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарынан 200-ге тарта спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс халықаралық деңгейге шығып отыр. Өйткені отандық былғары қолғап шеберлерінен өзге  бас жүлдеге Қырғыстан мен Ресей елдерінен келетін бокшылар таласпақ. Солтүстік Қазақстан өңірінің намысын 20 спортшы қорғайды. Ақтық сынға шығып, жүлделі орындарға қол жеткізгендер желтоқсанның 2-сінде марапатталады. Сондықтан, жергілікті жаттықтырушылар мен жас бокшылар қызу дайындыққа кірісті.

 Гүлмира Шоқтыбаева