Спорт

«Мен салауатты өмір салтын таңдаймын»

 

 

«Мен салауатты өмір салтын таңдаймын». Мұндай шара оқу орнында игі дәстүрге айналған. Бұл жолы 3 топқа іріктелген қатысушылар өзара мықтыны анықтамақ.

Әйгерім Сатыбалдиева:

-Жастар салауатты өмір салтын ұстану керек. Сондықтан осындай шаралар өте маңызды.
Алдияр Арасов:
– Біз өте көп дайындалдық.Жеңіске жететінімізге сенімдімін.

Шапшаң, жылдам әрі тез. Осы қағиданы ұстанған жеткіншектер өз құрамаларының жеңіске жетуі үшін аянбады. Олар спорттық тақырыптағы сұрақтарға жарыса жауап беріп, көңілді эстафетаны жүгіріп өтті.
“Pepsi”, “Бүркіт” және «БЭМС» командалары барлығы 6 кезең бойынша сынға түсті.

Аслан Әлжанов,  медицина колледжі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
– Бұл шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Денсаулыққа 20 қадам» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Оқу орнымызда бұдан басқа да шаралар жоспарлануда.

Сайыс қорытындысы бойынша ең жылдам әрі тапқыр команда атағына  «БЭМС» құрамасы ие болды.

Инеш Шоқақова