Қоғам

«Керемет әке мен ана»

Сайыс «Денсаулыққа 20 қадам» бағдарламасы шеңберінде өтуде. Бағдарлама аясында аталмыш мекеменің қызметі мен ұжымы, жетістіктері туралы арнайы әзірленген слайд көрсетілді. Бүгін ұйымдастырылып отырған шараның балаларды тәрбиелеуде алар орны зор дейді  ұйымдастырушылар.

 Ольга Әшімова, қалалық балалар емханасының бас дәрігері:

 

-Мереке Ұлттық денсаулық күніне орайластырылған. Игі бастамадан шет қалмау мақсатында айтулы шараны өткізудеміз. Қатысушыларымыз жақсы дайындалып, отбасы тәрбиесіне өздерінің жаңалықтарын  енгізеді деген сенімдемін.
 
Сайысқа денсаулық сақтау мекемесі қызметкерлерінің үш жанұясы қатысуда. Байқау 7 турды қамтиды. Қатысушылар отбасы тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ата-анаға жүктелер міндеттерді айқындаулары тиіс. Сондай – ақ жанұяларын слайд арқылы таныстырулары қажет.
Жарысқа қатысуға ниет білдірген жас отбасының бірі – Сергей мен Юлия Дойнеко. Балалар емханасында психолог болып қызмет істейтін Юлия сәбилермен көп уақытын өткізеді. Сондықтан бұл шараның біздің жанұяға берері мол, дейді.

 Сергей және Юлия Дойнеко, сайысқа қатысушылар:

-Мен бұл сайысқа зор ынтамен қатысудамын. Жарыста жеңіске жетемін деген ойдамын.

– Балаларды тәрбиелеуде бұл шараның маңызы ерекше. Сондықтан осы сайыс арқылы жас отбасыға қажетті жаңашылдықтарды естіп, тұрмыста қолданамыз.

Сайысқа қатысушылар белсенділік танытып, керемет әке мен ана болуға ұмтылды. Қойылған сындардан сүрінбей өту әрбір отбасының алға қойған мақсаты. Жалпы, 20 жұлдызды күн аясында желтоқсанның 12 – не дейін осы сынды денсаулық шараларын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Рашида Иванова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Қарашаның 23 – і мен желтоқсанның 12 – і аралағында аталмыш бағдарлама жүзеге асады. Сондықтан осы аралықта өңір тұрғындары ұйымдастырылатын түрлі мәдени, спорттық шараларға қатысу мүмкіндігіне ие. Әрбір күн кесте бойынша түрлі тақырыптарға бөлінген. Мерекелік шараның негізгі бөлігі 12 желтоқсанда өтетін болады.

Жарыс қорытындысы бойынша Анатолий мен Елена Федоровтардың отбасы “Керемет отбасы” атағына лайық деп танылды.

Жандос Наурызбаев