Құқық қорғау органдары

“Қару” шарасы

 

 

 

Бүгінде 11 мыңнан астам жерлесімізде 16 мыңға жуық қару тіркеуде тұр. Соңғы жедел алдын алу шарасы қару- жарақ пен оқ- дәріні арнайы рұқсат қағазынсыз ұстап жүрген азаматтардың бар екенін көрсетіп отыр. Үш күннің ішінде тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 20 қаруды тәркіледі. Негізінен аңшы мылтықтары иелеріне мұрагерлік жолмен келген екен. Бірақ олар қаруды тіркеуге асықпайтынын былай қойғанда сәйкесінше сақтау ережелерін білмейтін көрінеді. Бұл немқұрайлықтың салдарынан қараусыз жатқан қару оңай олжаға айналуы ғажап емес.  Шара барысында полицейлер қаруды сақтау, тасымалдау, ұстау ережесін бұзудың 200 фактісін әшкерелеп, әкімшілік хаттамалар толтырды. Солтүстікқазақстандықтар өз еріктерімен тіркелмеген 11, тіркелген 19 қаруды ішкі істер органдарына тапсырды.

Жеңіс Ермұқанов