Қоғам

Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өз ара әрекеттестгі

Коммунистік халық партиясының облыстық филиалы үстіміздегі жылы қоғамдық қабылдау орталығын ашқан болатын. Соның арқасында жүздеген солтүстікқазақстандықтардың мәселесі тыңдалып, біразы еңсеріліп қалған еді.

Алайда партия белсенділері мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар қоғамға тиімдірек көмектесудің жаңа амалдарын қарастыруды көздеген. Бұл мақсатта коммунисттер саяси партия өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарды бірігуге шақырып отыр.

Дәукен Темірбаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы СҚОФ бірінші хатшысы:
-Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар бір мәселемен айналысады. Саяси партия өзінің жарғысы бойынша қарапайым халықтың құқығын қорғайды. Жалпы партиялар бір-бірінен өзіндік саяси ұстанымымен ғана ерекшеленеді. Бірақ атқарар міндеттері бір. Үкіметтік емес ұйымдар дегеніміз де сол.

Игі бастаманы алға тартқан кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қала тұрғындары жиналды. Олар қоғамдық және саяси ұйымдарды бір жерде тоғыстыру ұсынысын қолдап отыр.

Анатолий Подкорытов:

 

-Коммунистік партия өкілдері өте маңызды мәселелер көтеруде. Бүгінгі таңда қоғам өмірінде өзекті мәселелер баршылық. Егер де оны тиімді етіп шешкіміз келсе, күш біріктіре отырып жұмыс істеуіміз қажет.

Коммунистік партия мүшелері бұл үндеуге өңірдің барша тұрғыны қосылатынына сенімді.

 Гүлден Төлеген