Билік

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Петропавлға келді

 

 

Биыл мұнда жаңа қазандық орнатылған. Ол желтоқсанда іске қосылмақ. Бұл қазандық қуаттылықты арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде жылу электр орталығында жылына 360 мегаватт энергия өндірілсе, 2012 жылы бұл көрсеткішті 425-ке жеткізу көзделген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен энергия үнемдеуге қатысты мәселелер облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, монополистер және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Кеңесте Нұрлан Алдабергенов тариф саясатының басты бағыттары, алда тұрған маңызды міндеттер туралы әңгімеледі.

Айымгүл Әбілева