Қайырымдылық

«Донор-2011» акциясы


 

Адам болғаннан кейін мұқтаж жандарға көмек қолын созуды ұмытпау керек. Осы қағиданы адамзат баласы ұстанса – өміріміз жеңілдер еді, «Донор болу – әр адамның құрметті миссиясы» деген ұранмен өткен акцияның мақсаты да осында дейді партия белсенділері.

Надежда Жувагина, «Қазақстан коммунистік халық партиясының» СҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы:

-Бір тамшы қанның өзі адам өмірін құтқарып қала алады. Бақытсыздық әрқайсымыздың басымызға түсуі мүмкін. Қан жетіспейтін жағдайлар кездесіп жатады. Сол себепті де біз адамдарды қан тапсыруға шақырамыз.

Акция Интернационал және Астана көшелерінің қиылысында өтті. Оған қатысушылар саяси ұйымның бастамасын қолдап, белсенділік танытты.

 – Қан барлығына керек. Ерікті түрде мен де қан тапсырамын.
– Міндетті түрде қан беру керек. Біреуге болмаса, біреуге көмек қажет.

“Донор-2011” акциясы республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Ерікті түрде қан тапсыруға шақыратын парақшалар Мир және Қазақстан Конституциясы көшелерінің бойында да халыққа таратылды.