“Қыс-2012” оқу-жаттығуы

ТЖД

15:20 15 Қараша 2011

Облыста қыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған дайындық жұмыстары қыза түсті. Әсіресе табиғи және техногендік апат орнына дереу жету жақсылап сайлануды қажет етеді. Өрт сақшылары, суда құтқару қызметі, полицейлер, жедел жәрдем мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері сап түзеп дайындықтарын тағы бір пысықтады.

Евгений Обухов, СҚО ТЖД апаттық-құтқару қызметі бөлімінің бастығы:
-Кез-келген төтенше жағдай орын ала қалса, 153 құтқарушы мен 60 бірлік арнайы техникадан тұратын топ толық құраммен 2 сағаттың ішінде апат орнына жетуге сақадай сай әзір.

Құтқарушылардың әзірліктерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бахтияр Қадырғанов байқап көрді. Облыстық жедел әрекет ету жасағының құрамы мен қарамағындағы арнайы техниканың жағдайы, құтқару жабдықтары тексерілді. Өртпен күресушілер штабтық оқу-жаттығу жиынына арнайы жабдықталған 6 өрт сөндіру көлігі мен 18 құтқарушыны сайлап әкеліпті.

Ерік Мәжитов, апаттық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы:
– Біз төтенше жағдайлар, өрт, апаттық-құтқару жұмыстары болсын әрқашан дайынбыз. Осы қаланың ішінде 5 бөлім бар . 5-7 минуттың ішінде әр төтенше жағдайға уақытында келіп қызметімізді орындаймыз.

Оқу-жаттығу жиынының екінші күнінде шұғыл әрекет ету тобы мүшелерінің кәсіби дайындықтары тәжірибелік тапсырмаларда іс жүзінде тексерілетін болады.

 Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Мұздай судың ішінде 10 сағат бойы тұрған балықшы құтқарылды
Құтқарушылардың рейдтік шаралары жалғасуда
Петропавлда 5 қабатты үйден от шықты
Өңірде өткен аптада 12 өрт оқиғасы тіркелді
СҚО-да 8 жастағы бала суға батып кетті
СҚО-да тағы бір адам суға батып кетті
Айыртау ауданында 1 адам суға батып кетті
54 жасар азамат тілсіз жаудан көз жұмды
Бүгінгі күннің батырлары
Астық сақтау қоймасы отқа оранды
Өңірде өткен аптада төтенше жағдайдан 2 тұрғын көз жұмды
Ғимарат ішінен күдікті пакет табылды