ТЖ

Қала ортасында машина өртенді

Жөндеу жұмыстарынан оралып келе жатқан бригада машина капотының астынан түтін шыққанын байқаған. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, санаулы минуттарда отты ауыздықтады. Көліктің моторы мен кабинаның ішкі қаптамасы жанып кеткен.  Мамандардың пайымдауынша тілсіз жаудың туындауына  электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп болса керек.

Жеңіс Ермұқанов