Спорт

Аулалық футбол

 

 

Бұл балалар демалыс кезінде уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізіп жатыр. Футбол – мұндағы әрбір ойыншының сүйікті ісі. Алаңда ойын көрсетіп жүрген “Қайсар” және “Достық” командалары 1-орын үшін сынға түсіп, алғашқы тайм “Қайсар” командасының пайдасына шешілді. Дамир Төлегеновтың футболмен айналысып жүргеніне екі жыл болған. Ол қарсыластарының қақпасына алғашқы допты енгізді.

Дамир Төлегенов, “Қайсар” жас жеткіншектер клубы:
-Мен үшін футболға тең келер ештеңе жоқ. Маған футбол ойнаған ұнайды. Бос уақытымызды тиімді өткізу үшін осындай аула клубтарының болғаны жақсы.

Бүгін жеңіске жеткен команда ертеңгі күні “Жеңіс” аулалық клубының ойыншыларымен бақ сынамақ. 5 күнге жоспарланған бұл турнирға барлығы 9 команда қатысып, “күзгі демалыс” сыйлықтары үшін бақ сынасып жатыр. Команда құрамындағы ойыншылар 13-14 жас аралығында.

Анна Парахина, “Элегия” балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі:
– Жарыстарды демалыс уақытында балаларды пайдалы іспен айналысу үшін ұйымдастырамыз, әрі мұндай шаралардың денсаулыққа берер пайдасы зор.

Жарыс нәтижесі 11 қараша күні белгілі болады. Алда балаларды ел тәуелсіздігінің мерекесіне орай өтетін үлкен сайыс күтіп тұр.