Әр түрлі

Жаңа естелік монета

 

 

 
«Бұланның басы» естелік күміс монетасы нумизматтарды өзінің ерекше дизайнымен қуантпақ. Онда Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған алтын бұйымдар бейнеленген. Тиынның бетіне алтын жалату технологиясы қолданылып, «proof » сапасымен дайындалған. Тағы бір ерекшелігі – монета дөңгелек емес, 12 қырлы. Бұл өнер туындысын 7 200 теңгеге сатып алуға болады.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:
– Ол монета «Көшпенділер сериясының» 8-ші монетасы. Номиналдық құны 500 теңге, салмағы 31грамм. Сынамы 925  күмістен жасалған.

Ұлттық банктің облыстық филиалында жасалу ерекшелігі сан түрлі 36 күміс және 27 алтын монета бар. Олардың салмағы 0,5 грамнан 1 келіге дейін. Бағалары да әр сатып алушыға қолайлы. 4 жарым мың -10 млн теңге аралығында. Енді олардың қатарын ел тәуелсіздігіне арналған ескерткіш монеталар толықтырмақ.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:
– Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған монеталар сериясы шығарылды. Салмағы 31,1 грамм, «proof » сапасымен дайындалған.

Яғни өзінің құнды монеталар қатарын толықтырамын деушілер үшін таңдау мүмкіндігі мол.

Инеш Шоқақова