Қылмыс

Шенеунік парамен ұсталды

 

 

 

Қаржы полицейлері шенеунікті қылмыс үстінде  құрықтаған. Ол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан өз қызметтік көлігінде 75 мың теңге ақша алып жатқан болатын. Диқан параны “Азық-түлік келісімшарт корпорациясына ” 65 тонна астық өткізуге квота алу үшін берген. Шенеунік қарашаның бірі құрықталды. Бір жыл бұрын дәл осы күні ол бөлім бастығы қызметіне тағайындалған екен. Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қарашаның төрті айыпталушы сот шешімімен құрықталды. Бүгінде тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабына сәйкес іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

Айымгүл Әбілева