Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған”

 

 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 үміткер үш аталым бойынша тартысқа түсті. Бірінші кезекте ақындар Мағжанға арналған өлеңдерін оқыса, екінші сайыста байқауға қатысушыларға ұлы ақынның жауһар туындыларын мәнерлеп оқу талабы қойылды. Фестивальге жиналған жұртшылық сондай-ақ Мағжанның шығармаларына жазылған жаңа әндерді тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев төрағалық еткен әділқазылар алқасының шешімі бойынша, бірінші аталымда Алматы қаласынан келген Жәркен Бөдешұлы жеңімпаз атанса, “Мәнерлеп оқу” номинациясында астаналық Гауһар Жүсіпова топ жарды. Ал үшінші аталымда елордалық композитор Жоламан Тұрсынбаевтың әні үздік деп танылды. Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен облыс әкімінің ақшалай сыйлықақысымен марапатталды.

Айымгүл Әбілева