Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің қорытындысы

 

 

 

 Жәрмеңкеде 7 тоннадан астам бал, 1 тонна балық, 36 тонна картоп пен көкөніс сатылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатумен айналысатын қалалық кәсіпорындар ұсынған құны 4 млн теңге көлеміндегі 14 тоннадан астам өнімнің де тұтынушысы табылды. Бұл күні петропавлдықтар шұжық, нан, макарон, ұн, жұмыртқа, балық және сүт өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ қант, күнбағыс майы және өзге де азық-түлік өнімдері көтерме бағамен өткізілді. “Достық” және “Южный” базарларындағы көкөністің сан түрлілігі де қала тұрғындарының көңілінен шықты. Құны 2 жарым млн теңгеден асатын мал азығы сатылды. Жалпы «Өңір берекесі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 650 тонна ауылшаруашылығы өнімі ұсынылды, – дейді ұйымдастырушылар.

Инеш Шоқақова