Спорт

Футбол алаңдарын абаттандыру жұмысы назардан тыс қалған

 

 

Мамыр айында қаланың 4 мектебіне қалалық мәслихаттың шешімімен  футбол алаңдарын абаттандыруға қаржы бөлінген болатын. Алайда бұл жұмыс уақытында атқарылмай қалған. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай,  облыс орталығының басшысы Нұржан Әшімбетов мектептердегі жағдайды өз көзімен көріп қайтқаннан кейін қала мектептері басшыларының қаьысуымен өткен кеңесте  осы мәселе жайы қаралған. Бірінші қалалық лицей мен  № 42 орта мектепке ешқандай ескерту жоқ, ал № 9 және №2 мектептерде жұмыс сапасыз жүргізіліп, футбол алаңдары белгіленген мерзімде пайдалануға берілмеген. Сөйтіп, жаңа оқу жылы басталғанда алаңдар дайын болмай қалған. Қазір бұл мектептер жанындағы футбол алаңдарын жабдықтау жұмысы аяқталды.