Құқық қорғау органдары

Әскери бөлімнің құрылған күні атап өтілді

 

 

 

Еліміздің тыныштығын СҚО-да бақылайтын 6637 әскери бөлімнің құрамында атқыштар батальоны, шұғыл әрекет ету батальоны, қамтамасыз ету ротасы, арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесі, әскери полиция жұмыс істейді. Бөлімнің 49-жылдығына  арналған салтанатты шараға осы құрылымдардың барлығының  өкілдері қатысты. Халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерін әскери бөлімнің командирі, полковник Андрей Каскеленов құттықтады.

Андрей Каскеленов, 6637 әскери бөлім командирі:
-Біздің әскери қызметкерлер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен орындауда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін!

Әскерилерді мерекелерімен құттықтауға ішкі әскер құрылымының ардагерлері де келіпті. Олардың арасында 6637 әскери бөлімнің бұрынғы командирі Борис Цхай да болды. Генерал-майор әскери шеніне дейін жетіп, зейнетке шыққан аға буын өкілі ізбасарларына ең жылы лебіздерін жолдады.

Борис Цхай, 6637 әскери бөлім ардагері, генерал-майор:
-Мен 6637 әскери бөлімін 49 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Заманауи техника мен ірі көлемдегі қаржыландыру жұмыстары Ішкі Әскер қызметіне  үлкен оң өзгерістер әкелуде.

Салтанатты шарада әскери қызметінде ерекше көзге түскендер мақтау грамоталарымен марапатталды. Ал қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауап беретін   сарбаздардың бір бөлігі үздік еңбегі үшін ефрейтор әскери атағына ие болды.

Иманберді Ерсұлтан, қатардағы сарбаз:
-Мен өзім қоғамдық тәртіпті күзету ротасында қызмет атқарып жатырмын. Сол қызметімді жақсы атқарғаным үшін ефрейтор атағы берілді.

Әскери құрам мүшелері келген қонақтарға  жауынгерлік және техникалық дайындықтарын паш етті. Ал 6637 әскери бөлімнің оркестрі орындаған әсем әуендер мерекенің сәнін аша түсті.

Гүлден Төлеген