Білім

«БЭСТ» гимназиясының мерейтойы

 

 

Осыдан 15 жыл бұрын № 11 орта мектеп ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын «БЭСТ» лингвистикалық-гимназиясы деп қайта құрылған болатын. Содан бері білім ошағы талай биіктерді бағындырды. Соңғы 3 жылдан бері гимназия республикадағы үздік 100 мектептің қатарында. 6 оқушы  Назарбаев университетінде білім алып жатса, 20-сы халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері. Биыл мектеп бітіргелі отырған Ерлан Досанов болашағынан зор үміт күттіреді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын ол гимназия ішіндегі оқушылар парламентін басқарады.

Ерлан Досанов, «БЭСТ» оқушысы:
– Осы мектепте 5-сыныптан бері оқимын. Мұндағы балалар өте ұйымшыл, жаңадан келген оқушыларды жақсы қарсы алады. Мұғалімдеріміз де жақсы, олар біздің досымыздай.

Мерейтой иелерін қала әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтап, мектепке компьютер сыныбын сыйлады.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Сіздерді мерекемен құттықтаймын. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу – маңызды іс. Артылған сенім мол.

Шығармашылық еңбегі мен білім беру саласындағы жеткен жетістіктері үшін ұстаздар қауымы қала әкімдігі атынан алғыс хаттар мен сыйақыға ие болды. Осындай құрметке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қамар Қуанышбайқызы да бөленді. Гимназиядағы білім беру сапасы балаларға ұнайды, олар оқу орнын мақтан етеді.

– Біздің мұғалімдеріміздің кәсіптік деңгейі өте жоғары
– Мен өз мектебімді мақтан тұтамын. Осында оқитыныма өте қуаныштымын. Бізге берген білімі үшін барлық ұстаздарға алғыс айтамын.

Мерейтойлық кеш концертке ұласты.