Қылмыс

Есірткі саудагері ұсталды

 

 

Күдікті героинді қаймықпастан күнкөріс көзіне айналдырыпты. Нашақорлардан салмағы 10 грамм болатын есірткі тәркіленді. Ал сезікті әйелдің үйін тінту барысында ажал әкелетін ақ ұнтақтың саудасынан түскен ақша табылған. Жалпы сезікті есірткі саудасын жасап, 2007 жылы сотталыпты. Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дана Ғизатова