Спорт

Волейболдан ел чемпионаты

 

 

 

 

Дәстүрлі чемпионат оқушылардың алғашқы тоқсанды қорытындылап, күзгі демалысқа шығар кезімен сәйкес келеді. Биылғы сайысқа әр облыс атынан барлығы 22 құрама жиналды. Алғаш болып алаңға шығатын шығысқазақстандық  волейболшылар бүгінгі ойынның көшбасшысы атануға үмітті.

 Болатбек Даумов,  ШҚО құрамасының жаттықтырушысы:
-Біз жақсы дайындықпен келдік. Командамыз әрдайым жақсы нәтиже көрсетеді. Бұл жолы да бірінші орын аламыз деп ойлаймын.

Қол доп ойыны шеберлерін Солтүстік Қазақстан өңірі алғаш рет қарсы алып отырған жоқ. Мұның өзіндік себебі де бар.

  Данияр Шәкенов, аймақтық дене тәрбиесі және АӘД орталығының директоры:
-Чемпионаттың біздің қаламызда өтіп жатқаны тегін емес. Біздің құрама ылғи жақсы нәтиже көрсетеді. Былтырғы Қазақстан кубогында біздің команда 2-ші орын алды.

Өскемендік “Барак” командасының алғашқы қарсыласы -былтырғы чемпионаттың жеңімпазы болған павлодарлық құрама. Олар биылғы ойынның да көркін келтіріп, нағыз тартысты жекпе-жек көрсетуге дайын.

  Асхат Мұқанов,  Павлодар облысы құрама командасының ойыншысы:
-Біз үлкен дайындықпен келдік. Командамыз мықты. Жеңеміз деп ойлаймыз.

4 күнге созылатын додада үлкендерден 2, кішілерден 4 топ өзара күш сынасады. Ал 2010 жылғы волейболдан Қазақстан чемпионы титулы қай облыстың еншісіне тиері қарашаның 7-сі күні белгілі болмақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы