Қарашадағы ауа райы

Әр түрлі

18:13 2 Қараша 2011

«Қазгидромет» мамандары қараша айының бірінші онкүндігі ашық болады деп болжап отыр. Сынап бағанасы түнде 10 – 15, кей жерлерде 20 градусқа дейін суытып, күндіз бұл көрсеткіш + 6 мен – 14 – аралығында тұрақтайды. Айдың соңғы онкүндігінде қала тұрғындары нағыз қыстың келгеніне куә болады.

Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:
-21 – 23 қарашада ауаның температурасы түнде 15-20, кей жерлерде  – 10  градус , күндіз 8 – 10, кей жерлерде 3 градусқа дейін төмендейді.

Ауа райының құбылмалығы көктайғақтың пайда болуына әкелуде. Жалпы, осы күнге дейін түскен қардың орташа мөлшері 1 – 9 см аралығында.

Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:

-24-30 қарашада түнде 7-12, кей жерлерде  -2  градус болса, күндіз 0-5   дейін жоғарылайды.Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың шығысында аз, қалған аймақтарда көп  – 19-24 мм күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасында, айдың 17-20 – нда және соңғы күндері кей жерлерде батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 – 20 метрге дейін күшеймек. Синоптиктер облысымызда қараша айындағы ең жылы ауа температурасын 1955 жылы тіркепті. Онда сынап бағанасы 14 градус жылылықты көрсеткен. Ал 24 жыл бұрын осы айда ауа райы керісінше 37 градусқа дейін төмендеген екен.

Жандос Наурызбаев

Бұдан әрі оқыңыз

Бүгін М.Жұмабаевтің дүниеге келгеніне – 127 жыл
Қызылжар ауданындағы 4 ауылдың көшелері жөнделіп жатыр
Серіктестік басшысы жұмысшыларына баспана кілтін табыс етті
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті
Петропавлда кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Дәрі-дәрмек құнын негізсіз көтерген саудагерлер жазаланады
200-ге жуық елді мекенде интернет жоқ
Өңірімізде ресейлік цирк 8 айдан бері тұрақтап тұр
Алиментті өндіріп алу шаралары қатаңдатылды
Петропавлда тротуарлар жөнделіп жатыр
Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт қалыпқа келтірілуде
Су айдындарына шабақтар жіберілуде