“Нұр Отанның” қатары толықты

Қоғам

16:24 27 Қазан 2011


Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің   студенттері мен оқытушылары – барлығы  25 адам бүгін “Нұр Отан” партиясының билеттеріне ие болды.
 
Николай Черновол, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
-Партиямыздың қатары тағы толығып отыр. Жастардың мүшелікке өтіп отырғаны әсіресе қуантады. Енді партиямыздың төрағасы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойып отырған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысасыздар деген сенімдеміз.

Партияға өткендердің қатарында жас маман Азиза Сәдуақасова да бар. Оқытушы бұл қадамды саналы түрде жасағанын айтады.

Азиза Сәдуақасова, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы:
-“Нұр Отан” партиясының қатарына өткеніме өте қуаныштымын. Мен биыл ғана еңбек жолымды бастадым. Алдағы уақытта партия жүктеген міндеттерді іске асыру үшін аянбай еңбек ететін боламын.

Оқу орнының тағы төрт оқытушысы Азизаның саяси көзқарасына қосылады. Оларға да саяси ұйымның билеті табыс етілді. Бұл күні “Жас Отан” жастар қанатының қатарына 20 студент қабылданды. Бұл оқу озаттары мен саяси-қоғамдық шараларға белсене араласатын кейінгі буын өкілдері. Салтанатты шарадан кейін Яна Богованың қайырымдылық концерті өтті.

Айымгүл Әбілева

Бұдан әрі оқыңыз

Үлгі боларлық іс
1-ші тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызмет көлемі
Сауда орындарында санитарлық ережелер сақталмайды
Жерлеу рәсімінде жемқорлық бар ма?
“Біргеміз” қоры 4-ші рет мұқтаж жандарға көмек көрсетті
Мамлютка қаласында спорт және ойын алаңқайы салынуда
Қамқор жастар мұқтаж жандарға азық-түлік таратты
Облыстық кітапхана қоры 200-ден астам туындымен толықты
Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер
Теолог мамандарға оқыту семинары өткізілді
Қалада бос орындар жәрмеңкесі өтті
“28 ілмек” еріктілер клубының игілікті ісі