Қоғам

Ішімдікке қарсы акция

 

 

 

 

Акцияны биыл “Әлем” волонтерлік орталығы мен “За жизнь” қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған. Мақсат – өскелең ұрпақты ішімдіктен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Евгений Вишняков, “За жизнь” қоғамдық қорының төрағасы:
-Ішімдік – бұл зұлымдық. Осы күнгі қоғамда бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Әсіресе, жастар үшін ішімдік ішу заңдылыққа айналған. Көпшілік арақ болмаса, кеш көңілсіз өтеді деп есептейді.

Акцияға қатысуға мектеп оқушылар ниет танытыпты. Олар қала тұрғындарына ішімдіктің адам денсаулығына зияны жөнінде дәрістер жазылған дискілер мен үнпарақтар таратты.

Алина Гладышева, оқушы:
-Бұл мәселе өте өзекті деп ойлаймын. Көптеген жастар ішімдікке әуес. Олардың қатарында жасөспірімдер де аз емес. Мен өз басым ішімдікке қарсымын. Сондықтан бүгін осы акцияға қатысуды жөн деп таптым.

-Мұндай акцияларды өткізген дұрыс. Жастарға ішімдіктің зиянын түсіндіру қажет. Мен өзім мұны қолдамаймын. Ішімдік ішпеймін. Одан да спортпен айналысқан дұрыс.
-Ішімдік ішудің соңы ешқашан жақсылыққа апармайды. Одан барынша аулақ болау қажет.

Бүгінде облыстық наркологиялық орталықта 12 мыңға жуық солтүстікқазақстандық тіркеуде тұр екен. Ал шын мәнінде, маскүнемдердің қатары әлдеқайда көп. Сондықтан ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы жұртшылыққа ішімдіктің зиянын жеткізіп, ой тастауды көздейді.

Айымгүл Әбілева