Қылмыс

Сәби өлімі кісіден болды

 

 

 

 

Үйде ойнап отырған сәби қолына түскен майы бар түтікті сығып, сұйықтықты жерге жаққан екен. Араққа тойып алған өгей әкесіне бұл әрекет ұнамаса керек. Ол сәбидің бұл қылығын тоқтату үшін зекіп те көреді. Ал айтқан сөзіне құлақ аспаған соң  пышақ салып алған. Баланың анасы сәбиінің шыр еткен даусынан оянады. Әйелдің өзі де осы кезде мас болған. Алайда баласының ауыр жарақатын көргенде есін бірден жиып, сәбиін фельдшерге жеткізеді. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың жанын аман сақтап қала алмады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Тіпті баланы жек көргенін де айтқан. Әзірге ол уақытша сақтау изоляторына қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Гүлден Төлеген