Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясының қатары толықты

 

 

 

«Нұр Отан» партиясының қатары тағы бір топ солтүстікқазақстандыққа толықты. «Петерфельд Агро» ЖШС-де еңбек ететін 20 адам билік партиясына өтуді жөн көрген. Саяси ұйымның билеттерін партияның Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Виктор Редин табыс етті.

Қайырболат Маматаев, «Петерфельд Агро» ЖШС іс басқарушысы:
-Бүгін партия қатарына кіріп отырмыз. Партия төрағасы, Елбасының саясатын қолдаймыз. Мемлекет басшысы асыл тұқымды мал басын көбейту тапсырмасын қойған болатын. Осы міндеттерді орындауға күш салатын боламыз.

Қызылжарлықтар өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысады. Бүгінгі күні ауданда 5 212 адам партияның қатарына өткен. Қызылжарлықтар «Нұр Отанның» игі бастамаларына әрқашан қолдау көрсетеді. Қазанның онынан елімізде бастау алған «Халық дауысы» акциясына жұртшылық белсенді қатысуда. Мектеп оқушылары да бұл науқаннан шет қалмай, өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіруді жөн деп тапқан.

Сағат Қуандықов, Петерфельд орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:
-Оқушыларымыз бүгін келіп акцияға қатысуда. Өз ұсыныстарын білдіруде. Бұған дейін талқылаған болатынбыз. Олар білім сапасын көтеру, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәселелерді айтты. Осындай акциялар қажет деп ойлаймын. Халықтың пікірін біліп, әрі қарай осыған байланысты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылады.

Акция шеңберінде осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының бес жүзге жуық тұрғыны өз ұсыныс-өтініштерін білдірген.

Айымгүл Әбілева